Оқиға

Әкімнің орынбасары мас күйінде қағып өлтірген баланың әкесі видеоүндеу жариялады

  • Фото: әлеуметтік желіден алынды

    Фото: әлеуметтік желіден алынды

Ішінде шенеуніктер отырған көлік қағып кеткеннен кейін қайтыс болған Евгений Смольниковтың әкесі видеоүндеуін YouTube-та жариялады. Онда ол ұлының өліміне қатысты іспен танысқаннан кейінгі көмескіліктерді тізіп шыққан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Риддер қаласында (Шығыс Қазақстан) кешке жақын ішінде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев пен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев отырған «BMW X5» маркалы көлік жолдың шетімен келе жатқан 19 жасар жасөспірімді қағып өлтіреді.


Ресми мәліметтер бойынша, көлік тізгінін Құрманбаев ұстаған. Жақында қайтыс болған баланың әкесі Виктор Смольниковқа тергеу нәтижесімен танысуға мүмкіндік берілді. Оның айтуынша, тергеушімен сөйлескеннен кейінде ол баланы қаққан кезде көлікті кім басқарғанына сенімді емес.


«Не себепті рульден тек Құрманбаевтың саусақтарының іздері табылған. Өйткені одан кейін рульге Тұмабаев отырды емес пе? Бұл тіркеушінің жазбасында көрініп тұр», - деді Смольников.


Тергеушінің жауабы бойынша саусақ іздері өшіп қалуы мүмкін.


Виктор Смольниковтың пайымынша, баласын Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қағып кеткен, ол баланың өліп қалғанына көзін жеткізгеннен кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Ал, көлікті полиция қызметкері қайтадан айдап келіп, қарама-қарсы бағытта қойып қойған.



Бұған дейін хабарланғандай, оқиға барысында 45 жастағы Риддер әкімінің орынбасары мас болған. Ол қамауға алынды. Ал, Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев жол көлік оқиғасы бойынша куәгер ретінде жүруде.


 




 




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31