Оқиға

Ақмола облысында жауған қардың салдарынан бір отбасы опат болды

  • © Sputnik

    © Sputnik

Ақмола облысының Астрахан ауданында жол апаты салдарынан бір отбасындағы үш адам қаза тапты. Апат қардың салдарынан болған, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.


Жол-көлік оқиғасы 27 мамыр күні сағат 10.40-та Алматы — Екатеринбург автожолында болды. Астрахан ауданының Колутон ауылынан 15 километр жерде Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған. Шетел көлігі Алматы облысының Сарыөзек елді мекенінің тұрғыны мінген DAF автокөлігімен соқтығысқан.


Салдарынан Volkswagen Transporter жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде жан тапсырған.


Қаза тапқандар бір-біріне туыс болып келетіні анықталды.


"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп түйіндеді баспасөз қызметі.


Sputnik


 


 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 19:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31