Оқиға

АҚШ-та 46 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты

  • Нұрлан Нөгербеков

    Нұрлан Нөгербеков

АҚШ-та Нұрлан Нөгербеков есімді қазақстанды азамат жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Gofundme сайты Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына хабарлаған.


БАҚ мәліметінше, ер адам Огайо шатының оңтүстік-батысындағы Цинциннати қаласында жолда келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. WLWT.com порталының мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам 5 наурызда шамамен сағат 18.20-да жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оның көлігі жолдан шығып кетіп, кәріздің бетон қақпасына соғылған. Көлік бірден өртеніп, ер адам ауруханада көз жұмған.



Хабарлама авторлары марқұмның денесін Таразға жеткізу үшін қаражат сұрап отыр. "Нұрлан қайырымды әке әрі күйеу, қымбатты бала әрі бауыр, жақсы дос бола білген. Туыстары жерлеуі үшін Нұрланның денесін үйіне тасымалдауға ақша сұраймыз. Қазақстан елшілігі тасымалдауға көмек қолын созуға дайын. Әркімнен үлес қосуын я сілтемені бөлісуін сұраймыз. Кез келген әрекетіңіз Нұрланның отбасына жасаған жақсылығыңыз болмақ", - делінген хабарламада.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 16:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31