Оқиға

Ақтауда анасын өлтірді деп айыпталып, түрмеге қамалған жігіт 5 жылдан кейін ақталды

  • Фото: lada.kz

    Фото: lada.kz

2013 жылы Дмитрий Крутихин анасының өлімі үшін кінәлі саналып темір торға тоғытылған болатын. Алайда, араға бес жыл салып ақтаулық жігіт толығымен ақталып бостандыққа шығарылды деп хабарлайды lada.kz сайтына слтеме жасаған NUR.KZ.


2013 жылдың 1 мамырында қайтыс болған әйелдің өліміне баласы Дмитрий Крутихин кінәлі деп танылған еді.


Өзіне берілген жазаның бес жылын темір тордың ар жағында өткізген Дмитрийді 6 наурыз күні Маңғыстау облыстық соты кінәсінің жоқтығын растап, бостандыққа шығарды.


Кінәсін растайтын дәлелдер мен өлтіру себептерінің жоқтығы есебінен Дмитрий Крутихин заңды түрде ақталып шықты.

Дмитрийдің жұбайы Александра Крутихина сот жұмысына өз ризашылығын аямай жаудырды. Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы күткен әділеттік орнаған күн туған. Дмитрийдің туыстары соттан өтемақы талап етпейтіндерін де айтты.


Айта кетейік, 2013 жылы ЖШС МАЭК Казатомпром аумағында әйел адамның денесі табылған. Атаулы мекемеде оператор қызметін атқарған Натальяны жұмыс орнында алты жерінен пышақ салып, басынан ауыр затпен соғып өлтіргені белгілі болды. Марқұмның денесін бірінші болып күйеуі мен ұлы тауып алған.


Тергеу ісінде басты күдікті ретінде Натальяның ұлы Дмитрий назарға ілінген. Бастапқыда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан ол қылмыс жасалған қаруы бар сөмке табылған бетте анасын өлтіргенін мойындады.

Дмитрий Крутихинді 2013 жылы он жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілген. Алайда, оның қорғаушысы да, отбасы да шыққан үкімге наразылығын білдірді.


Араға бес жыл салып, іс бойынша қайта тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесінде қылмыскер деп танылған адамның кінәсі жоқ болып шықты. 




Көрілген: 1082    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.03.2018, 18:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30