Оқиға

Ақтауда жоғалған 21 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

  • Қырмызы Энепияева. © lada.kz

    Қырмызы Энепияева. © lada.kz

Ақтауда жоғалып кеткен 21 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Lada.kz.


Қыздың туыстарының айтуынша, Қырмызы Энепияеваны соңғы рет 10 шілдеде №13 ықшамауданындағы базардан көргендер бар. Қырмызы базардан шамамен сағат 18.00-де таксиге отырып кеткен. Сол күйі оралмаған.


"Таксиде күйеуіне қоңырау соғып, үйге бара жатқанын айтқан. Бірақ не сол күні, не келесі күні ол үйге оралмады. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Ақтаулықтардан іздестіру жұмыстарына көмек берулерін сұраймыз", - дейді жоғалып кеткен қыздың әпкесі Лаура Энепияева.


Сол күні Қырмызы Энепияева ақ түсті жейде мен сарафанда, ал қолында кішкентай сөмкесі мен пакеті болған.


Қыздың қай жақта екені жайлы мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 702 645 57 00 немесе 102.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.07.2018, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30