Оқиға

Ақтөбе облыстық әкімдігіне көлігімен басып кірген жүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Ақтөбеде облыстық әкімдік ғимаратының есігін быт-шытын шығарған тұрғын он күн бойы абақтыда отыратын болды. 53 жастағы кәсіпкер Бауыржан Анапинге сот бұзақылық жасағаны үшін осындай әкімшілік жаза тағайындады.


Nissan Patrolды тізгіндеген оның бұл қылығына жұрт таң қалып отыр. Өйткені, әкімдік алдындағы тас баспалдақтан көлікпен көтерілуге кез келген жүргізушінің әлі келмейді.


Полицейлердің айтуынша, құрылыс саласында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен сол күні мас болыпты.


Абырой болғанда әкімдік есігінің алдында ешкім болмаған.


Ең қызығы кәсіпкер әкімдікте балағат сөз айқаны үшін ғана жазаға тартылып отыр. Ал көлікті арақ ішіп айдағаны жайлы соттағылар тіс жармайды.


Бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін Бауыржан Анапиннің үстінен қозғалған істің сотқа жету жетпеуі де белгісіз. Себебі облыстық әкімдіктегілер ол қиратқан есіктің құнын айта алмай отыр. Әйтеуір, сол бойда басқа ағаш есік орнатып үлгерген.


Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:


- Автокөлікті 53 жастағы тұрғын басқарған. Бұрын ол әкімшілік жазаға тартылған.


 ktk.kz




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30