Оқиға

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

  • Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

    Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады


Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары өрт кезінде қол қусырып отырған шенеуніктерге өкпелі. Марқұм Батырбек Бірлепесов төрт күн бойына аудан мен облыстағы әкімдіктерден құтқарушылар жіберуін өтінген екен. Бірақ ондағылар тілсіз жауды өз күштерімен ауыздықтауды бұйырыпты деп хабарлайды КТК арнасы. 


 

Ақтөбе облысында тірідей жанып кеткен ауыл әкімінің туыстары болған оқиғаға шенеуніктерді кінәлады

Өрт, Көрнекі фото: pravdaurfo.ru



Ақыры жалғыз трактормен алапат жалынға әлі келмеген ауыл әкімі мектептің екі қызметкерімен қоса жанып кетті. Олардан бөлек тағы бір адам отқа күйіп өлді. Ал құтқарушылар мен аудан басшылары түрлі уәж айтып ақталып әлек.


Осыдан тура бір апта бұрын далада тұтанған от елді мекен іргесіне дейін жеткен. Бір ауыл болып оны төрт күн бойына өшіре алмапты. Ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов, мектеп мұғалімі Жолдыбек Әбсәламов пен күзетші Жомарт Смайылов сол жалын ортасында қалып қойған. Марқұмдардың күйген киімдері оқиға орнында әлі жатыр.


Сұлукөл ауылының тұрғындары әлі күнге дейін өздеріне келе алар емес. Үш бірдей адамның тірідей үйітіліп қалғанын айтады. Тіпті ауыл әкімінің киімі күл болып, белдігі мен аяқ киімі ғана қалыпты. Марқұмның туыстары төрт күн бойы сырттан ешбір көмектің келмегеніне өкпелі. Өйткені ауыл әкімі Әйтеке би ауданынан бастап, облыс орталығындағы басшылардың барлығынан жәрдем сұраған.


Ал өрт сөндірушілер өздеріне шаң жуытар емес. Сол күндері Әйтеке би ауданының жеті ауылында өрт болған. Солардың барлығына қосымша күш жібердік деп отыр.


Бірақ ол күштерді Сұлукөлден көрдім-білдім деген адам жоқ. Аудан басшылары да дала өртін сөндіруге дайындығымыз күшті болатын деп ақталып отыр. Сондағысы резеңкеден жасалған сапалақ таратып берген.


Сұлукөл ауылы маңындағы далалық өрттің кесірінен сондағы әкім мен мектептің екі қызметкерінен бөлек көрші ауылдың малшысы да жанып кеткен. Дәл осындай оқиға сол күндері Темір ауданында да болды. Онда өрттен бір адам қаза тапса, екіншісі ауруханада. Қазір осы екі оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.



КТК арнасы



Көрілген: 532    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 14.09.2017, 00:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30