Оқиға

Ақтөбеде баласын жұбата алмаған келіншекті көршілері сабап тастаған (фото)

  • © vg-news.ru

    © vg-news.ru

Ақтөбе қаласының тұрғыны Айсұлу Айтмұрзаева сотқа апелляциялық шағым түсірген. Ол өзіне міндеттелген айыппұлды төлей алмайтынын айтып, соттан жəбірленуші ретінде тануды сұрайды деп хабарлайды  порталы.


"Оқиға 16 тамыз күні болды. Екі жəне бір жастағы екі баламмен аулада есік алдында отырдым. Қасымызға көрші апай жасы менен сəл кіші қызымен келіп жайғасты. Балам жылап отырған. Қызы жақтырмай "Қойшы, шуламай, не істеп отырсың балаңды жылатып? Демалайықшы, мына бала қоймады" деп қатты сөйледі. Мен оған "Өзіңнің балаң жылаған жоқ па?" деп ескерту жасадым. Ол "ауызыңды жап" деді. Арты айқай-шу, төбелес болды. Баламды көтеріп отырған мені жағымнан алып, бетімді тырнап тастады. Соңында шыр айналдырып, шешесі екеуі жабылып сабады. Мен де қорғану үшін қарсылық таныттым. Көршінің ұлы келіп бізді ажыратып, шешесі мен апасын үйіне алып кетті", - дейді Айсұлу Айтмұрзаева.



Екі баласын құшақтап аулада таяқ жеп қалған келіншек полиция шақырған. Екі көрші де полиция бөлімшесіне барып, бір-біріне қарсы арыз жазған. Көрші əйелдерге қатысты іс сотқа жетіп, көшеде шу шығарғандарға қомақты айыппұл салынған. Баласын жұбата алмағаны үшін таяқ жеп қалған келіншек өзінің жəбірленуші болғанын айтады. Айтуынша, айыппұл төлейтін ақшасы жоқ.


"Мен сол кезде полицияны көмек сұрап шақырдым. Олар маған айыппұл төлеуді міндеттеп жатыр. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Ол ақшаны төлейтін менің жағдайым жоқ. Маған екі адамды балағаттадың деп екі айыппұл, оларға бір айыппұл салған. Мен апелляциялық шағым түсірдім. Мен өзім жəбірленуші болып отырып, мұндай айыппұл төлеуге келіспеймін", - дейді Айсұлу Айтмұрзаева.



Ақтөбеде Болашақ ауданындағы төбелеске қатысқандардың барлығы медициналық тексерістен өткен. "Жеңіл жарақат алған" деген қорытындылары бар. 




Көрілген: 417    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30