Оқиға

Ақтөбеде жарылыс болып екі адамды күйік шалды

  • Фото: SN.kz

    Фото: SN.kz

Ақтөбеде жанар-жағармай сақтау қоймасында жарылыс болды. Үстеріне бір машина бензин құйылған екі оператордың денелері 90 пайызға күйіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.


"Біздің ауруханаға 10 қыркүйек күні сағат 2-лер шамасында екі науқас түсті. 55 жастағы әйел адам мен 38 жастағы ер адамның денелерінің 80-90 пайызы күйік шалған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр", - дейді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Капанов.

Төтенше жағдай Мәртөк трассасы бойындағы "Sinooil" компаниясының жанар-жағармай сақтау қоймасында түс кезінде болған. Жанар-жағармай таситын жүк көлігі қойма ішінде атылып, жанында тұрған екі оператор күйіп қалған. Ал тек қолынан жарақат алған жүк көлігінің жүргізушісі бір күннен кейін ауруханадан шығарылды.


Денелері 90 пайызға күйіп кеткен екі оператордың туыстары екі күннен бері аурухананы күзетіп жүр.


"Бүгінгі күні арнайы комиссия құрылып, компанияда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғадан үш зардап шегуші бар. Барлығы да қаладағы ауруханаға жеткізілді", - дейді еңбек инспекторы Жолмұрат Жұбаназаров.


Денелері 90 пайызға күйіп жансақтау бөлімінде жатқан 55 жастағы Зибагүл Түменбаеваның үш баласы, 38 жастағы Серікбай Палвановтың бес баласы бар. Ер адам үйіндегі жалғыз асыраушысы екен. 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 20:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30