Оқиға

Ақтөбеде жас келіншек ажал құшқан лифтіде қандай ақау болғаны анықталды

  • © Ақтөбе газеті

    © Ақтөбе газеті

Ақтөбе қаласында журналист Айзат Әбдісамат қаза болған лифтінің ақауы неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, лифтінің автоматикасы істен шыққан.


«Журналист қаза болған лифтте автоматика істен шыққан. Яғни, әр лифттің бірнеше қорғанысы бар. Бірі механикалық, екіншісі - автоматика. Лифт есігі ашық тұрғанда, адам саны шектен тыс болғанда жүре алмайды. Ал аталмыш жағдайда техникалық ақау болып, лифт есік жабылмастан жүріп кеткен. Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов.


Ақтөбе қаласында лифтте қайғылы оқиға тіркеліп, жергілікті билік арнайы комиссия құрған болатын.


Лифттегі ақаудан 28 жастағы Айзат Әбдісамат көз жұмғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол жеделсатыға қызымен бірге мінген еді.


Кейін оның күйеуі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.


 




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.05.2018, 18:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31