Оқиға

Ақтөбеде жеке компанияның қызметкері өзін-өзі жарып жіберді

  • Фото: ашық дереккөзден

    Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсады. Куәгерлердің сөзінше, қаладағы жеке компаниялардың бірінде қызмет еткен ол өз-өзін жарып жіберген болуы мүмкін, деп хабалайды Baq.kz аймақтық тілшісі.


Ақтөбе қаласындағы оқиға кеше күндіз болған. Облыс орталығындағы жеке компанияда жұмыс жасайтын жан «өзін-өзі жарып жіберуі мүмкін» дейді куәгерлер. Ол алған жарақатынан ақтөбелік ауруханада көз жұмды.


«Маусымның 6 сағат 12.20 шамасында облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Мәлім болғандай, Ақтөбе қаласының тұрғыны өзіне өзі қол жұмсамақ болып, дене жарақатын алған. Ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттан соң көз жұмды», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.


Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабы 1-бөлімі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары басталған. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды.


 


 


 




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 12:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31