Оқиға

Ақтөбеде кәуап пісірмек болған жүкті әйел күйіктен көз жұмды

  • © gastronom.ru

    © gastronom.ru

Ақтөбенің Кеңқияқ ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Отқа керосин құйып, кәуап пісірмек болған отбасында жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Кеңқияқ ауылы тұрғындарының айтуынша, кәуап пісірмек болған отағасы от тұтатып, жанбаған соң 5 литр «баклажкада» тұрған жанар-жағармайды отқа құйып жібереді. Сол кезде от лап етіп, жанып жатқан «баклажкадағы» бензин жүкті әйелдің үстіне төгіледі.


Ерлі-зайыптылар күйік шалып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер жүкті әйелге ота жасағанымен, ана мен баланы аман алып қалу мүмкін болмады.


Ал денесінің тең жартысын күйік шалған ауыл тұрғыны қазір ем қабылдап жатыр.


«Күйік шалған ер адам ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты, орташа. Науқас жалпы палатаға ауыстырылды»,- деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Алмагүл Сержанова.


 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

жұма, 10.08.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31