Оқиға

Ақтөбеде қаза тапқан кәсіпкердің туыстары қылмыскерлерді табуға сыйақы тағайындады

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Қаралы отбасы Ерхан Тілеуімбетовті қарбыз сатып тұрған жерінен базардан алып кеткен адам мен көлікті танығандарға қаражат береміз деп отыр. Өйткені, жарты жыл өтсе де тәртіп сақшылары қылмыскерді таба алмады. Тіпті, Ерхан мінген джиптің кімге тиесілі екенін де анықтамаған.


Жалғыз ұлынан айрылған Райхан Есенаманованың көз жасы жарты жылдан бері құрғаған емес. Отыздан асқан Ерханын өлтіргендердің әлі күнге дейін табылмай отырғанына күйінеді.


Былтыр жазда марқұмды Джип көлігімен базардан біреулер келіп алып кетеді. Сол кеткеннен ұшты-күйлі жоғалған. Тек бір жарым ай дегенде қала шетінен сүйегі табылды.


Дегенмен, базардағы бақылау камерасына көлік түсіп қалыпты. Бірақ оның кімге тиесілі екенін тәртіп сақшылары әлі күнге дейін анықтамаған.


Райхан Есенаманова, марқұмның анасы:


-Сыйақы тағайындап отырмын. Мүмкін көмек беріп айтқан адамдар болса, сыйақым бар. Адам жанашырлық көрсете ме дегенім ғой. Сол жерде көрген адамдар бар. Қаншама машина тұр соның ішінде. Соның біреуі де тексерусіз қалды. Біздің құқық қорғау органымыз ешқандай жұмыс атқарған жоқ.


Марқұмның туыстары сол күні базарда тұрған саудагерлерден өздері сұрап көріпті. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпаған. Құзырымыз болмаған соң ешкім ашық айтпады деп отыр. Ал тәртіп сақшылары қылмысты аша алмай отырғанын мойындайды.


Айдар Төкеев, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары:


-Бұл қылмысты қазіргі кезде тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Күнделікті болмаса да әр жеті сайын осы тергеу тобының жұмысын қадағалап отырмыз. Әлі ол қылмыс ашылған жоқ.


-Кісі қолынан қаза тапқан Ерхан Тілеуімбетовтің жақындары нақты қанша сыйақы тағайындағанын әзірге айтпай отыр. Өйткені жалған ақпарат бере салатын алаяқтарға алданып қалармыз деген күдіктері бар. Әйтсе де, тек ұлын жазда базардан алып кеткен Джип көлігі мен сол көлікті тізгіндеген адам туралы айтып берсе болғаны дейді олар.




ktk.kz

 




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30