Оқиға

Ақтөбеде қаза тапқан күзет қызметкерінің өліміне қатысты сұмдық жайт анықталды

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Ақтөбеде əкімдік аумағында қайтыс болған "Күзет" қызметкері Байбек Қарымсақовты бүгін ақтық сапарға шығарып салды. "Жан ботам" деп шырылдаған анасы, "қош бол" деп егілген жұбайының сөздері қоштасуға келгендерді жылатты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Журналистерден көмек сұраған келіншегі жолдасының жұмысынан қысым көріп жүргенін айтты.


"Маған көмек керек. Бұлай қалдырмаймын. Бүгін бастықтары келген кезде де ескерттім. Оқ Байбектің құлағының түбінен кіріп, маңдайынан шыққан. Дүңгіршектің ішінде отырған жерінен таптық дейді. Сенбеймін, күдігім көп... Байбек жұмыстан кеткісі келетіні туралы бірнеше рет айтқан",-дейді келіншегі Бағдагүл Жұбанова.


Марқұм болған полицейдің келіншегі жолдасының жұмысына қатысты былықтың көп екенін айтып жылады.


"Ол жерде былық көп. Ең аяғы 10 мың теңге сыйақы алған кезде де ақшаны картадан суырып, бес мыңын апарып беріп жүрді. Өздері 200 мыңдап сыйақы алады. Менің жолдасымның соңына түскен адамдар бар.


Ол бірнеше рет шаршағанын, шыққысы келетінін айтты. Оған "мемлекеттің жұмысынан айырылма" деп айтып жүрген мен едім. Қайдан білейін, оның өлімімен аяқталады деп ойлаған жоқпын. Батальон командирі күн көрсетпеген. Енді өлер адам өлді, маған көмек керек. Балаларыма мемлекеттің жəрдемақы төлегенін талап етемін",-дейді келіншегі.


Марқұммен қоштасуға əріптестері, полиция басшылары келді.


Естеріңізде болса, қайғылы оқиға 8 қаңтар күні тіркелді. Қалалық əкімдіктің күзет қызметінде тұрған Байбек Қарымсақовтың денесі жұмыс орнында табылған болатын. 




Көрілген: 912    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.01.2018, 13:34

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30