Оқиға

Ақтөбеде өзіне қол жұмсаған полиция қызметкеріне қатысты жаңа деректер шықты

  • © afn.az

    © afn.az

Ақтөбеде полиция қызметкері Байбек Қарымсақовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Тергеу кезінде қалалық əкімдіктің бейнебақылау камерасындағы жазба алынды, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.


"Мамандандырылған күзет басқармасының инспекторы Байбек Қарымсақовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Қалалық әкімдік ғимаратынан алынған видеожазбаны сараптау барысында 17:16-да өткізу-бақылау пунктіне Қарымсақов кіргеннен кейін, бөгде ешкімнің бас сұқпағаны анықталды. Ал марқұмның мүрдесін 17:24 сағатта әкімдіктің аспазы тапқан. Баллистикалық сараптама оқтың инспектордың табельдік қаруынан атылғанын көрсетті. Қазір оқиға болған сәттегі Қарымсақовтың қандай психикалық күйде болғанын анықтау үшін сот-сараптамалық экспертиза тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30