Оқиға

Әл-Фараби даңғылында мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеж: Көліктер айыппұл тұрағына жеткізілді

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Алматыда әл-Фараби даңғылында мемлекеттік нөмірсіз жүрген кортеждің барлық қатысушысы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1997 және 1999 жылғы жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалардың толтырылғаны хабарланып отыр.


"Бұл видео сенбіде, 4 тамызда түсірілген. Жедел басқарма орталығының операторы көлік қозғалысы ережелерін бұзғандарды байқап, дабыл қаққан. Жасақ кортеж түсірілген аумаққа барды. Нәтижесінде 4 көлікке қатысты шаралар қолданылды. 2 көлік жасырынған. Қазір олардың барлығының аты-жөні анықталды. Audi жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") , 595-баптың 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") , 595-баптың 1-бөлігі бойынша (" Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру ") және 603-баптың 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу") 4 әкімшілік хаттама толтырылды. Range Rover жүргізушісіне қатысты 3 хаттама толтырылды: 595-баптың 2-бөлігі бойынша ("Маневр жасау қағидаларын бұзу") , 590-баптың 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") , 593-баптың 1-бөлігі бойынша (" Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") . Екі көлік те айыппұл тұрағына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратқалиев.


Мұның алдында полицейлердің кортеж қатысушыларының барлығына айыппұл салғаны хабарланған еді. Ал бұл видеоны әлеуметтік желіде блогер Александр Цой жариялаған болатын. Видеода мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді көруге болады.




 




Көрілген: 223    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31