Оқиға

Алматы облысында 15 жасар бала ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

  • Көрнекі фото:4vsar.ru

    Көрнекі фото:4vsar.ru

Алматы облысының Жансүгіров ауылының полицейлері ересек адамның өліміне себепші болған 15 жастағы жеткіншекті тұтқындады. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабалайды.


Оқиға 30 қаңтар күні Жансүгіров ауылында болған.


Ауыл тұрғындары көшелердің бірінен 54 жастағы ер адамның мәйітін тауып алыпты. Марқұмның денесіндегі жарақаттар көлік қағу салдарынан қаза болғанын көрсеткен.


Полицейлер оқиға орнынан көлік нөмірін қыстыратын құрылғының бөлшектерін анықтаған.


"Жедел-іздестіру шаралары барысында автокөліктің түсі мен маркасы анықталды. Адам қағып, оқиға орнынан ізін суытқан Honda Odyssey көлігі екені де белгілі болды.


Оны 15 жастағы жеткіншек тізгіндеген. Көлік кузовында соқтығысу салдарынан болған майысулар табылды.


Қазір шетелдік көлік тәркіленіп, сараптама үшін арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Адам өліміне себеп болған жол-көлік апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс қылмыстық кодекстің 345, 347 және 349 баптары бойынша тергеледі. 




Көрілген: 223    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28