Оқиға

Алматы облысында 15 жастағы оқушыны көлік қағып мерт қылды

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Алматы облысында 15 жастағы оқушы жол апатынан мерт болды. Оқиғаны облыстық білім басқармасындағылар растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқыс оқиға бүгін Іле ауданындағы Байсерке ауылында болған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 8-сынып оқушысы базар маңында орналасқан шаштаразда жұмыс істейтін анасына бара жатқан. Сол кезде жасөспірімді көлік қағып кеткен.


Анықталғандай, 15 жастағы оқушы кешеден бері сабаққа бармапты.


«Нұрбол 2018 жылдың 13,14 ақпан күндері сабақта болмаған. Сынып жетекшісі Файзуллина Асел 13 ақпан күні баланың сабақта болмағандығын анықтау мақсатында анасына қоңырау соққанда ұялы телефоны өшірулі болған. 14 ақпан күні үйіне барғанда Нұрбол үйде болмаған, 7-сыныпта оқитын інісі Туғанбай Мақсат сағат 12:00-де шамасында үйден шығып кеткенін айтқан. Нұрболдың қайда екендігін анықтау мақсатында сынып жетекшісі анасының жұмыс орнына барған. Сол жерде бір баланы көлік қағып кеткендігін естіп, оқиға орнына барғанда анасы баласын таныған. Оқиға орнында Нұрбол бірден қайтыс болған», деп мәлім етті облыстық білім басқармасы.


Қайтыс болған Нұрбол Туғанбай толық отбасынан шыққан. Жанұяда 3 бала бар.


 




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.02.2018, 19:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31