Оқиға

Алматы облысында 80 жастағы ақсақал қасқырдың төбетін соғып алды (фото)

  • Фото: zhetysu-gazeti.kz

    Фото: zhetysu-gazeti.kz

Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында тұратын сексен жастағы Қонысбай ақсақал әлі де ширақ, әрі сергек. Бұған дәлел жақында қария соғып алған қасқыр деп хабарлайды "Жетісу" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Қонысбай ақсақалдың сөзінше, ұстаған түлкісінде есеп жоқ. Осыған дейін ұсталған 4 қасқырдың екеуін бүркіті, екеуін жүйрік атыммен қуалап жүріп өзі соғып алған.


Ал жақында қарияның соғып алғаны-қасқырдың төбеті екен


"Күн ашық. Ауа райы қолайлы мінез танытып тұрған еді. Әрдайым жараулы күйінде тұратын Қаракер жорғаммен қыстаудағы үйге бет алғам. Мына бір орайы келген сәтті қараңыз, ауылдасым Қуатбек Өскенбаевтың құнанын жайратып, қарындарын тоқтап алған үш қасқырға кезіктім. Екі қасқыр Қарасаз өңіріне қарай қашты. Біреуі тауға қарай Баяусайға қарай тартты. Тауға тартқанын бәйгеторыммен қуалап соңына түстім.


Бастырмалата қуып жетіп, Кеген өзенінің бойына қарай қайта қайырдым. Сөйтіп, сойылыммен соғып алдым. Ең бастысы, қасқырдың тоқтығы қолайлы әсер етті. Мен қуған сайын ол кесек-кесек етті құсып отырды. Бастан 3-4 рет ұрып құлаттым. Қасқырдың төбеті екен. "Абыройлы жігітке ажалды аң кезігеді", "Ер жолдысынан ат жолдысы" деген. Сөйтіп, олжалы болдым", – дейді Қонысбай ата болған жайды әңгімелеп. 




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.04.2018, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30