Оқиға

Алматы облысында полицейге жұдырық жұмсаған тұрғын ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында полицейге қарсылық көрсетіп, жұдырық жұмсаған тұрғын ұсталды. Оқиға Алакөл ауданындағы Үшарал қаласының маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  ірі қара мал мен ет тасымалдап бара жатқан азаматты тексеру кезінде оның ешқандай рұқсат құжаттары болмағаны анықталған. Оқиға 1 шілдеде Үшарал маңындағы бақылау бекетінде тіркелді. Көлікті тексеру барысында жүргізуші қарсылық көрсетіп, құжаттарын бермеген.


«Сондай-ақ  40 жастағы азамат полиция қызметкерінің бетінен жұдырықпен ұрып жіберген. Аталмыш факті бойынша Алакөл аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жүргізуші жүгімен бірге аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ұсталған азамат Алакөл ауданының тұрғыны»,  - деп толықтырды баспасөз қызметінде.  


 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.07.2018, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31