Оқиға

Алматы тұрғыны лак кетіретін сұйықтықпен қолын күйдіріп алды

  • © Foto: предоставлено Гульжихан Маутовой

    © Foto: предоставлено Гульжихан Маутовой

Алматы тұрғыны Гүлжихан Мәуітова лак кетіретін сұйықтықпен саусағын күйдіріп алған. Бұл туралы жәбірленуші Sputnik Қазақстанға айтып берді.


Әйелдің айтуынша, лак кетіретін сұйықтықты 8 наурызда Саин және Райымбек көшелерінің қиылысындағы дүкеннен сатып алыпты. Бұрын осындай құралды пайдаланып жүрген екен.


Тырнағындағы лакты кетірмек болғанда, сұйықтық әйелдің саусақтарын ашыта бастайды.


"Ашыта бастағанда, сабындап жуып кетірмек болдым, бірақ түк шықпады. Таңертең саусақтарым күлдіреп кетіпті. Күйіп қалдым. Қазір терісі жарылып жатыр, май жағып жүрмін", — деді Гүлжихан Мәуітова.


Оның сөзіне сүйенсек, құралды сатып алған дүкенге барып, иесімен сөйлеспек болғанда, сатушы тауардың түгел сатылып кеткенін, ешкім шағым түсірмегенін айтыпты. Дүкен жұмысшыларының айтуынша, тауарды "көтерме" базардан сатып алған.


"Сыртында сұйықтықтың құрамында ацетон жоқ деп жазылған. Бірақ иісі ацетондыкі сияқты", — дейді әйел.





 


 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30