Оқиға

Алматы вокзалында жоғалып кеткен қыз ауруханадан табылды

  • Айжан Кенжеқараева.

    Айжан Кенжеқараева.

6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды.


"Біз эпилепсия болғанын білдік. Бей-жай қарамаған адамдар жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізген. Ол әлі ауруханада ем алып жатыр. Жақында шығады, үйге алып кетеміз. Аман-есен, оны іздестіргендердің барлығына алғыс айтамын", - деді әпкесі Әлия Кенжеқараева.


Еске сала кетейік, осыған дейін үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.


Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған.


"Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік", - деген едіі әпкесі Әлия Кенжеқараева.

 




Көрілген: 705    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 12:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31