Оқиға

Алматыда Mercedes автобуспен соқтығысты: сегіз адам ауруханаға түскен

  • © Sputnik

    © Sputnik

Абай даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында қалалық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды.


Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері айтқандай, №38 автобус Саин көшесімен солтүстік бағытта бағдаршамның жасыл жарығына кетіп бара жатқан. Сол кезде Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes қызыл жарықты ескермей, автобустың алдынан шыға келеді.


Автобус жүргізушісі тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен Mercedes көлігіне соғылған. Қатты соққыдан ығысқан көлік жарнама ілінген бағананы қағып кетті.


Жол апаты салдарынан, бастапқы дерек бойынша, сегіз адам зардап шегіпті. Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды, автобустың жеті жолаушысы да ауруханаға жеткізілген.


Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.






 


 


 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30