Оқиға

Алматыда автобус қыз баланы қағып кетті

  • Видеодан алынған кадр

    Видеодан алынған кадр

Алматы орталығында автобус жүргізушісі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Алматыэлектртранс" өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, 14 наурызда шамамен сағат 12.30-да болған.


№70 автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылысатын жерде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


"Қыз бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ал жүргізуші тоқтап үлгермеген. Жедел жәрдем қызметі шақырылды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді "Алматыэлектртранс" өкілдері.


Денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.


"Ми жарақатын алған, сондай-ақ, мойын омыртқасы мен иығын жарақаттап алған. Жағдайы - орташа ауыр", - деді ведомстводағылар.


 




Көрілген: 146    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31