Оқиға

Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен

  • CC0 / congerdesign

    CC0 / congerdesign

Алматы көшесінен арбада жатқан бес айлық қыз бала табылды.


Нәрестеге салқын тиіп қалған, ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Сәби бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болып, бірақ сол уақыт ішінде ата-анасы табылмады, деп хабарлайды КТК.


Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Валерия Кимнің айтуынша, қыз бала өсіп, салмақ қосып келеді, қазір жағдайы қанағаттандырарлық.


Дәрігерлер хабарлағандай, сәбиге қатты суық тиіп, пневмонияға айналып кеткен көрінеді. Қыз баланың хәлі мүшкіл болып, бір ай бойы өлім мен өмірдің арасында жатыпты.


Қыздың есімі – Антонина, бес айлық.


Анасы жайында ешқандай ақпарат жоқ. Дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек, анасы баланы тіркемеген, яғни туу туралы куәлігін алмапты.


Антонинаның ата-анасын полиция іздеп жатыр. Табылмаса, балалар үйіне жіберіледі.


Sputnik


 




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 14:32
    О дүниеден оралу

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30