Оқиға

Алматыда Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалды: Оқиғаның мән-жайы анықталды (видео)

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров өзіне жасалған шабуыл жайлы айтып берді, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда болған оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ztb_video парақшасында жарияланды.


"Алматыдағы мекемелердің бірінде қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраровқа шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер спортшылармен жанжал шығарған, кейін тапаншадан оқ атқан", - делінген видеоның сипаттамасында.


Ал өз кезегінде Жаңқош Тұраров Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның қалай болғанын айтып берді.


Оның айтуынша, оқиға бір апта бұрын болған.


"Келіспеушіліктен болған оқиға. Оқиға шамамен бір апта бұрын Алматыда болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жағдайым жақсы. Оның қолында қандай тапаншаның болғаны белгісіз. Полиция бұл іспен айналысып, қылмыстық іс "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізілді. Бұзақылық екі тараптан да болды", - деп пікір білдірді Жаңқош Тұраров.


Айта кетейік, Жаңқош Тұраров кәсіпқой бокста 22 рет жеңіске жеткен, оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.


 




Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31