Оқиға

Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Жуырда Алматы қаласында 15 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы отандық БАҚ жарыса жазған еді. Он екі күн бойы туыстары сабылып іздеген Әйгерім Рысбек кеше Алтын Орда маңынан табылды. Осы орайда, NUR.KZ  порталының тілшісіне хабарласқан Әйгерімнің туыстары қызының басынан өткен жантүршігерлік жайтты баяндап берді. Оны екі күн бойы тар қапаста болдым деген Әйгерім, портал тілшісіне адам шошырлық деректерді айтты.


23 ақпанда жоғалып кетіп, 12 күннен кейін табылған 15 жастағы Әйгерім Рысбек осы уақытқа дейін қайда болғанын айтты. Айтуынша, оны белгісіз жігіттер зорлап, бірнеше күн бойы тас қараңғы бөлмеде күштеп ұстаған.


Әйгерім Рысбек кеше табылған кезде қалалық ІІД баспасөз хатшысы ресми пікір білдіріп, қыздың Алтын Орда маңынан табылғанын және осы уақыт бойы оның құрбыларының үйінде болғанын жеткізген болатын. Алайда Әйгерімнің өзі мұны жоққа шығарып отыр. Ол бірнеше күн бойы белгісіз ер адамдар оны зорлап, соққыға жыққанын айтуда.


"Мен Назым деген жігітпен В Контакте желісінде таныстым. 23 күні қыздармен сабақтан шықтық. Полежаева көшесіндегі остановкаға бардық. Қыздар кетіп қалды. Сол жерде ана жігітпен кездесітін болдық. Бардым, кездестім, сөйлестік. Сол жақта Нұртас темір деген жер бар, сонда жеткен кезде мені сүйрей бастады. Сол маңда жеңгем тұратын, ол мені көрді де, аң-таң болып қарап қалды. Бірақ үлгермеді. Назым мені қатты сүйреп, машинаға мінгізіп алды. Қайда барамыз деп сұрадым. Әпкеме бара жатырмын деді", - деген Әйгерім, оны бір бөлмелі үйге апарып, ішінен құлыптап алып, зорлағанын айтады.

"Кешкісін Саяхатқа, Мерейдің алдына әкеліп, таксиге салып жіберемін деді. Ол таксистпен ұзақ сөйлесті, ақшасын берді де, мені мінгізіп жіберді, екі жағымда екі бала отырды. Сейфуллинаға жеткен кезде бірінші Алматыға қарай бұрылып кетті. Мені күштеп кола ішкізіп жіберді. Қатты қорқып отырдым. "Аркада" деген кафе бар, соған жеткен кезде мен есімнен танып бара жатқанымды білемін," - деген қыз екі жігіт оны қараңғы, есік-терезесі жоқ бір бөлмеге апарғанын айтады.


Қыздың айтуынша, олар оның соткасын алып, В Koнтакте желісінің паролін де біліп алған.


Бірнеше күн бойы қара нан мен су беріп, зорлағанын айтқан қыз қанша күн өткенін де, тіпті есімді де білмеймін деп отыр. Әйгерімнің сөзінше, олар оның қолын тілгізіп, ұзын шашын кеспек болған. Қолы тілгіленген қыз басымнан ұрғанда есімнен танып қалдым дейді.


"Маған қолымды кес деді. Мен кеспеймін деп едім, басымнан ұрды. Тұп-тура мына жерімнен", - деп жарақаттанған басын көрсетті ол.


Сонымен бірге, Әйгерімнің туыстары оны бүгін сараптамадан өткізіп, денсаулығына қатысты медициналық тексеріс жасатқан. Ағасы Жәнібектің болса, бұл істі жайдан-жай қалдырмаймын деп отыр.


Әйгерім болса, өзін ұстап әкеткен жігіттерге В Koнтакте желісінде танысқан Назымның қатысы бар деп отыр. Себебі олар "сені Назымға" апарамыз деп ашық айтқан.


Еске салсақ, Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек:


"Тергеу амалдары аяқталды. Өткен түнде Әйгерім Рысбек Алтын Орда базарының маңынан табылды. Қазіргі таңда Жетісу АІІБ-де сұрақ-жауап алу процесі алынып жатыр. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кеткен.

Ол құрбыларының үйінде болған. Қазіргі таңда ата-анасынан жауап алынатын болады. Кәмелетке толмаған баласының жүріс-тұрысын қадағалау ата-анасына заңмен жүктелген", - деп, ресми пікір білдірген болатын. 




Көрілген: 7999    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30