Оқиға

Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар мінген троллейбус соқтығысты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматының орталығында жүк көлігі мен ішінде жолаушылары бар троллейбус соқтығысып қалды. Куәгерлер жол апатының Гоголь мен Байтұрсынов көшесіне жақын маңда болғанын айтты деп жазады NUR.KZ.


Троллейбус жолаушысы Сәкеннің айтуынша, жүк көлігі Гоголь көшесімен қиылысатын шағын даңғылдан шығып, №1-ші қоғамдық көлікпен соқтығысқан.


"Троллейбус аялдамаға тоқтап, өз бағытымен жүріп бара жатты. Мен терезе маңында отырдым. Терезеден жүк көлігінің бізге қарай қатты келе жатқанын көрдім. Оның жүргізушісі жолға қарап отырған жоқ. Троллейбус жүргізушісі соққыдан сақтанбақ болды. Жүк көлігі екі қыз отырған терезеден келіп соқты. Олар есікке дейін ұшып кетті. Мен оларға көмектеспек болғанда, бәрінің дұрыс екенін айтты", - дейді куәгер.


Сондай-ақ, жас жігіт қоғамдық көлікте 15 адамның болғанын алға тартты.


 




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28