Оқиға

Алматыда «қанға боялған» өзеннен сынама алынды (видео)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда қызыл түске боялған өзен суынан сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова зерттеу нәтижесі 3 күннен соң дайын болатынын айтты.


«20 мамырда 19:30-да ТЖД желісінен осындай ақпарат түсті. Қазір Үлкен Алматы өзенінің бойын түгел шарлап шықтық. Бір жерден қызыл түс байқамадық. Бірақ, сонда да өзеннің барлық тұсынан сынама алдық. Санитарлық-химиялық құрамы бүгін кешке дейін белгілі болады. Судың бактериялық құрамы 3 күннен соң белгілі болады», - деді Айзат Молдақасымова.


Департамент басшысы видеоны әлеуметтік желіге жариялаған тұлғалармен байланысып жатқанын хабарлады.





«Бір ғана видеоға қарап ештеңе айта алмаймыз. Таратқан адамды таптық. Қазір ол түсірген жерден тағы сынама аламыз», - деді ол. Сонымен қатар, құзырлы органдар өзен бойында орналасқан барлық химиялық кәсіпорындарды тексеруді бастаған. «ТҚКО, лак бояу өнімдерін шығаратын, вулканизация, типография сияқты өндіріс орындары тексеріліп жатыр», - деді департамент басшысы.


Мұның алдында аталмыш видео ватсап желісі арқылы таралғанын жариялаған едік.



 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31