Оқиға

Алматыда қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда "Сайран" вокзалы жанында қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісі Әнуар Жәнібеков сотталды.


Әнуар Жәнібеков сотта айыбын мойындап, өкінетінін білдірді. Адвокатының айтуынша, ол жәбірленушінің туыстарымен бітімге келіп, келтірген шығынды өтеген.


Автобус жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпты деп танылды.



Сот үкімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сонымен бірге төрт жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.


Жол апаты 18 сәуірде Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды. 126-бағдарлы автобус қиылыста жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен. 23 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды.


Sputnik


 


 




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.05.2018, 19:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31