Оқиға

Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

  • Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

    Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

 Алматыдағы жатақханалар жаппай тексеріле бастады. Жергілікті әкімдік Аграрлық университетте болған қайғылы жағдайдан кейін осындай қадамға баруға мәжбүр деп хабарлайды Ктк сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.


Студенттердің шынайы тұрмысымен танысу үшін тіпті оқу орнының басшыларына да алдын ала ескерту жасалмаған. Сондықтан сау етіп кіріп келген тексерушілерді көргенде, жатақхана меңгерушісі де тосырқап қалды.


Жылына кемі 500 мың теңге төлеп оқитын студенттер тар бөлмеде төрт адамнан тығылысып тұрады.


"Кейбір бөлмелерде сылақ құлап жатыр, кейбір бөлмелерде ремонтты шала-пұла жасаған жағдайлар кездеседі. Сол себептен де біздің мақсат осы екі аптаның ішінде 94 жатақхананы жүріп өтіп ЖОО басшыларына студенттердің мазасын алып отырған сұрақтарды көрсетіп, жазда осы жерлерді жөндеу керек",-дейді Алматы қалалық жастар саясатының маманы Шыңғыс Бескемпіров.


Атқамінерлердің аяқ астынан жатақханаларды аралауы бекер емес. Бір апта бұрын дәл осы Аграрлық университеттің жатақханасында студенттер төбелесіп, бірінші курста оқитын Дидар Болысбек көз жұмған болатын.


Марқұмды үлкен курстың студенттері жабылып сабаған. Ал өткен қыста тағы сол Аграрлық университетке тиесілі "Ақбота" студенттер үйінен мұз құлап бір студент қаза тапты.


nur.kz


 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 22:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30