Оқиға

Алматыда тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы ауруханада жатыр

  • © Sputnik / Юлия Кузнецова

    © Sputnik / Юлия Кузнецова

Алматыда тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балалардың ағасы №2 қалалық ауруханада жатыр.


"Баланың жағдайы бір қалыпты", — деп дәрігерлер мәлімет берді.


Кеше Facebook парақшасында Светлана Высочкина жазғандай, 11 қыркүйекте Алматының №2 балалар ауруханасына үш жасар бала жеткізілген. Ол далада үш күн бойы түнеген болуы мүмкін.


"Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бала далада үш күн бойы жүрген. Медеу ауданында табылды. Өзі сөйлемейді, атын да білмейді", — деп жазды ол.


Еске сала кетейік, Түріксіб ауданы пәтерлерінің бірінде тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Бұған дейін осы пәтерді үш баласы бар әйел адам жалдап тұрыпты.


Кейінірек Алматы полициясы екі баланы өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен, балалардың анасымен бірге тұрыпты. Сонымен бірге, ер адаммен қатар ұсталған балалардың анасы да тергеліп жатыр.


Sputnik




 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30