Оқиға

Алматыда троллейбус жүргізушісі әжейді түсіріп тастап, әдепсіз қылық көрсеткен

  • © Виктор Бондаренко/Facebook

    © Виктор Бондаренко/Facebook

Алматыда троллейбус жүргізушісі әжейді түсіріп тастап, әдепсіз қылық көрсеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Виктор Бондаренко троллейбус жүргізушісінің кезекті әдепсіз қылығына куә болғанын айтып берді. Оқиға, оның айтуынша, Абай даңғылындағы 25 бағытындағы троллейбуста болған.


"Орталық стадионда салонға бір әжей кіріп, алдыңғы орынға отырды. Жүргізуші зейнеткерлерге арналған тегін "Оңай" картасын қолдануды сұрады. Әжейдің картасы болмай шықты, үйінде тастап кеткенін айтып, жасы 81-де екенін куәландыратын құжатын көрсетті және тегін жүре алатынын айтты. Әжей жай ғана картасын ұмытып кетіпті. Мұнысына жүргізуші дөрекі жауап берді, түсіріп тастайнынын айтып, тиісе бастады, тіпті балағаттай бастады. Келесі аялдамада ол әжей шықпайынша жүрмейтінін айтты, әже басында шықпай отырған, түсіністік танытар деген, бірақ әйел қырсығып, троллейбустың сымын ағыта бастады. Осылайша 10 минуттай тұрдық, жұртшылық жүргізушінің әрекетіне наразы болды, бірақ ол одан бетер қырсығып, қалған жолаушыларға да дөрекілік көрсете бастады", - деп жазды Алматы тұрғыны Facebook желісінде.


© Виктор Бондаренко/Facebook



Кейуана салоннан шығып кеткеннен кейін де жүргізуші, Виктор Бондаренконың айтуынша, жүрмей тұрып алған.


"Әйелдің қырсығып тұрғанын біліп, әже троллейбустан шығып кетті, бірақ жүргізуші әйел айтқанынан қайтпай, жолаушыларға дөрекілік көрсетті, бір жаққа телефон соға бастады, компрессоры сынып қалғанын айтты. Жолаушыларды басқа троллейбусқа отырғызуға әрекет танытпады, ал менің ескертуіме әдепсіз қылық көрсетті және жақын арада жұмыстан өзі шығатынын айтып қалды", - деп жазды алматылық.


Өз кезегінде "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының өкілдері жүргізушіге қатысты шара қолданылатынын айтты. "Жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Тәртіптік кеңесте оған сөгіс жариялау немесе жұмыстан шығару туралы шешім қабылданады. Ол бұған дейін жұмыстан шығуға арыз жазбаған, біз ешкімді жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз, қол қойып, бірден келісімшартты бұзамыз", - деді "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев.

 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 12.08.2017, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31