Оқиға

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында төбелескендерге қатысты жаңа дерек шықты

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматыда Тұңғыш Президент саябағында төбелескендерге қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, олар мектеп түлегі емес.


"Тексеріс барысында төбелескендердің екеуі 20-да, қалған екеуі 18-де екені анықталды. Олар ешқайда оқып жатқан жоқ, бірі даяшы болса, екіншісі техникалық қызмет көрсету орталығында шебер. Олардың Алматы облыстық Қарасай ауданындағы қандай да бір білім беру мекемесіне қатысы жоқ", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.


Өз кезегінде Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі тексеріс барысында төбелескендердің өңірлік білім беру мекемелеріне еш қатысы жоқ екені анықталғанын хабарлады. Төбелескендер "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.



Мұның алдында Алматы облысындағы мектептердің бірінің түлектері Алматыдағы Президент саябағында төбелес шығарды деген ақпарат тараған еді.


Оқиғаның видеосы Желіде жарияланған.

 




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31