Оқиға

"Анашым, кешір мені": Есік қаласында 20 жастағы студент асылып қалды

  • "Анашым, кешір мені": Есік қаласында 20 жастағы студент асылып қалды

Оқиға Есік қаласы педагогикалық колледжінде болған. Марқұмның денесін курстастары жатақхананың балконында асылып тұрған жерінен тапқан.


Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.


Алматы облыстық ПД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет аталған деректі растады.


«Бұл жағдай 24 қаңтарда таңертең тіркелген. Есік қаласындағы колледждің жатақханаларының бірінде асылып қалған қыздың денесі табылды. Қазір Еңбекшіқазақ ауданы полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Ең алдымен өзіне-өзі қол салу нұсқасы қаралады», - деді Көбейхан Нұрахметов.


Бойжеткеннің ВК әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбаларына сәйкес, ол осы өмірмен қоштасқысы келген. Соңғы рет 24 қаңтарда түнгі 2:17-де парақшасына кірген. Соңғы жазбасында анасынан кешірім сұраған. 2 қаңтардан бастап парақшасында өмірдің жалғандығы туралы жазбалармен бөлісіп отырған.


«Егер мен бұл өмірде жоқ болып кетсем, жыламаңыздар» деген жазбаны ол 2 қаңтарда жариялаған.


Әлеуметтік желіде қыздың дәрігер алдына барған қағазы таралып жатыр. Жазба астына коммент қалдырғандардың айтуынша, бойжеткен жүкті болып қалған болуы мүмкін.



 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

жұма, 25.01.2019, 22:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28