Оқиға

Араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы жұмбақ жағдайда асылып қалды (фото)

  • Фото: скриншот

    Фото: скриншот "Әйел сыры"

Бірінші жарынан ерте айырылып, екі ұлымен жесір қалған Дауылбаева Шәрипа Садыққызы араб жігітіне тұрмысқа шығып, үш жылдан соң өзіне-өзі қол жұмсап, өмірден өткен. Сіңлісінің қайғылы қазасы жайлы "Әйел сыры" бағдарламасына келген әпкесі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.


Шетелге кәрі кісіні қараймын деп кеткен Шәрипа ол жақтан өз махаббатын кездестірген. Тіпті ол анасының орнын басып отырған әпкесіне жігіт жайлы ешқандай мәлімет те айтпапты. Тек қана ол жігіттің өте қатты ауыратынын, үнемі химиотерапия алып жүретінін жеткізген. Сондай-ақ қазақ қызы танысқан жігітімен некеге тұрып Таиландқа көшіп кеткен.


Ол жақта үш жыл тұрғаннан кейін Шәрипа еліне қайтқысы келетінін айтып, әпкесіне жылап хабарласып жүріпті. Алайда біраз уақыт өткеннен соң жақындарына оның асылып өлгені жайлы хабар келеді.


"Шәрипаның денесін тексерген медициналық сараптама өзі асылып өлмегенін айтып берді. Оны алдымен тұншықтырып өлтіріп, артынша әдейі асқан. Өйткені, денесін шешіп алғанда көзі, аузы ашық қалыпты. Сондай-ақ өзі өлмегенін дәлелдейтін басқа да деректер болды. Бірақ біз ол жаққа ұшып барып, денесін аламыз дегенше уақыт өтіп кетті. Қызымыздың денесін зорға дегенде 5000 долларға сатып алдық. Ал ол жігітті соттатамыз дегенде, оның 2-3 ай ғана өмірі қалғанын білдік. Солай кешірім беріп, тиіспедік", - деп жан сырымен бөлісті кейіпкер.


Сондай-ақ Шәрипаның әпкесі қазақ қыздарына шетелдіктерге тұрмысқа шығуға асықпау керектігін айтты.


"Неке деген жай нәрсе. Заңды некеге отыру керек. Сонда қолдарыңызда құжаттарыңыз болады. Сонда мемлекет сіздерді қайда жүрсеңіздер де қолдай алады. Мен сіңілімді неге қорғай алмадым? Себебі, ол өз аяғымен барды. Ешқандай заңды құжаты да болмаған. Сондықтан өзі өлді деген құжат жасаттық. Жігітті де жазалай алмадық", - деп кейіпкер өкінішімен бөлісті. 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31