Оқиға

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында жарылыс болып, 6 адам зардап шекті

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Қарағанды облысындағы "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында болған жарылыстан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі интенсив терапия бөлімінде жатыр.


"2017 жылдың 12 қазанында № 1 газ құбырында жұмыс жүргізу барысында жарылыс болып, алты адам зардап шекті: газ цехінің 4 жұмысшысы, кокс цехінің жұмысшысы және газ құтқару қызметінің тағы бір жүргізушісі", - деп хабарлады компаниядағылар.


Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.


"Зардап шеккендердің үшеуі Теміртау қалалық орталық ауруханасында жатыр, тағы үшеуі Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығының күйік бөлімінде жатыр. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.


Еске сала кетейік, биыл 31 тамызда таңғы уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Казахстанская" шахтасында төтенше жағдай болған еді.


"2017 жылдың 31 тамызында сағат 4:21-де Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Казахстанская" шахтасындағы 332 Д6-з № 1 вентиляциялық түйілісінде кенеттен көмір мен газ атқылады. Оқиға кезінде шахтада 136 адам болған, олардың үшеуі апаттық өндіруде болған. 5:35-те щахта жұмысшылары тіршілік белгілерінсіз үш ер адамның мәйітін тапты", - делінген еді хабарламада.

 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31