Оқиға

Астана-Алматы пойызының апатқа ұшырау себебіне байланысты тың дерек шықты

  • © Sputnik

    © Sputnik

Астана – Алматы пойызы ұшыраған апатты тергеу комиссиясы екі пойыздың жанасуын жоққа шығарады, деп хабарлайды Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметі.


Жамбыл облысында ҚР көлік комитеті төрағасы Әсет Асаубаев пен ҚТЖ ҰК АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен 17 маусымдағы пойыз апатына қатысты брифинг өтті.


Қазіргі уақытта комиссия теміржол учаскесінің техникалық жағдайын тексеріп жатыр, қозғалатын бөлігінде өлшеу жұмыстары жүргізіледі.


"Комиссия жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткенде, қатарлас жолда келе жатқан жүк пойызын қайта жүргізіп көрді. Тәжірибе көрсеткендей, қатар жолдар арқылы өткенде екі пойыз бір-бірімен жанаспаған. Жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен кезде ғана жүк пойызына тиген", — делінген хабарламада.


Тергеуге Қазақстан мен Ресейдің білікті мамандары қатысып жатыр, олар ғылыми-техникалық зерттеу жүргізіп, пойыз апатының моделін құрастырады. Мамандардың жұмысы нәтижесі апат себебін анықтау барысында ескеріледі.


Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 738    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 09:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30