Оқиға

Астанада әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім екі адамды қағып кетті

  • © sn.kz

    © sn.kz

Астанада 17 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін айдап кетіп, Жеңіс пен Мәскеу көшелерінің қиылысында екі бірдей адамды қағып кеткен.


Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Оқиға 15 мамыр күні 18:30-да болған. Mitsubishi маркалы көліктің жүргізушісі жолдың рұқсат етілген бөлігінен өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетіп, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.


"Жол-патрульді полиция полкі мен Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімі Мәскеу көшесіндегі аулалардың бірінен құқық бұзушыны тауып, ұстады. Ол 2001 жылы туған жасөспірім екен. Қазіргі таңда оның ата-анасының қатысуымен тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.


Жарақат алған 1983 және 1977 жылғы екі адам қазіргі таңда түрлі дене жарақаттарымен ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал, көлік болса айып тұрағына қойылған. 


sn.kz




Көрілген: 173    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31