Оқиға

Астанадағы қайғылы оқиға: Бес қыздың ата-анасы жауапқа тартыла ма

  • © Азаттық радиосы

    © Азаттық радиосы

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Астанадағы қайғылы оқиға үшін ата-аналарды жауапқа тарту мәселесі туралы айтып берді. Бүгін түнде болған өрт кезінде бес бала қаза болды. Олардың ата-аналары түнгі жұмысқа шығып кеткен, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Әрине, бұл жерде балаларды қараусыз қалдыру мәселесі бар. Аталған бап қылмыстық жауапкершіліктің бірі ретінде қарастырылады. Енді, оны тергеу органдары мен соттың шешімі көрсетеді. Негізі, жазғы уақытта балаларды қараусыз қалдырғанда біреуі суға батып кетеді және тағысын тағы. Сонда бала қайтыс болса, ата-аналарды жауапқа тартады. Өйткені бұл жерде бала үшін жауапкершілік мәселесі бар. Ал бүгін түнде болған қайғылы оқиғада бір емес, бес бірдей бала қайтыс болды. Сол себепті жауапкершілікті тергеу органдары мен сот анықтайды», - деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.


Тергеу материалдарына сәйкес, үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алды.


Вице-министр Юрий Ильин бес баланың өмірін жалмап кеткен өрттің алдын ала себебін де жариялады.


Бұдан бөлек, министрлік пеші бар әрбір үйге арнайы датчик орнатуға кеңес берді.


 




Көрілген: 650    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 21:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28