Оқиға

Астанадағы өрт дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал қайғыдан қан жұтқан отбасыға қала әкімдігі қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.


Астанадағы қайғылы жағдай шамамен түнгі 02:30-да басталған. Куәгерлердің айтуынша, оттық лап беріп, осынша аумақты 10 минуттың өзі-ақ жеткілікті болыпты.


Ал өрт сөндірушілер, құтқарушылар келіп, бәрін оқшаулап, сөндіргенше жарты сағаттай уақыт өтіпті. Осы аралықта 5 бірдей бүлдіршіннің өмірін құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнындағы балалардың кереуеті, арбасы, киімдері мен ойыншықтар қалдығын көргенде жан түршігеді. Өте ауыр қайғы.


Белгілі болғаны, көз жұмғандардың барлығы да қыз балалар екен. Үлкені 12-де. Артындағы сіңлілеріне бас-көзіп болып жүргені де сол. Қызыл жалын өршіген кезде ата-анасы үйде болмапты.


Ең бірінші болып оны көршілері байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Олар жетем дегенше өз беттерінше ауыздықтауға тырысқан. Тіпті бір азамат үйге кіріп, балаларды құтқарғысы келген.


«Көк түтін, түк көрінбейді, жерді сипалағанда қимылдаған ештеңе байқамадым», – дейді. Қолы мен бетін күйік шалған.


Жанат Айтымов, жергілікті тұрғын:


- Ұйықтап жатыр ем. Өрт шықты деген дауысты естіп жүгіріп шықтым. Бірден терезені бұзып, ішке ұмтылдым. Қап-қараңғы, түтінге қолқаны алады, ыстық леп ұрып тұр. Сипалап, сипалап, түк таппаған соң, қайта шығуға тура келді. Мен бұл бүлдіршіндердің туыс ағасымын.


Рақым Асанбаев, жергілікті тұрғын:


- Сырттағы дүрбелеңді естіп, далаға шықтық. Қарасақ, өрт сөндірушілер жүр. Абыр-сабыр, айқай-шу. Сұрастыра келе мына жердегі үйдің өртеніп жатқанын білдім. Әкесі көлікке қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайды. Ал анасы үйде отырған. Бірақ оның да жақында жұмысқа шыққанын естіп жатырмын. Арты осындай жағдайға ұласқаны өте өкінішті.


Ал енді өрттің себебіне қатысты. Әзірге нақты ресми мәлімет жоқ. Оқиға орнында тексеріс жүріп жатыр. Ал куәгерлер пештен болуы мүмкін дейді. Өйткені үй сол арқылы жылытылған. Бұған қоса электрлі пеш те қолданыста болыпты. «Тағы бір болжам тоқтың тұйықталуы мен қабырғадағы тез тұтанғыш материалға қатысты», – дейді. Бірақ нақты нұсқасы сала мамандары зерттеуінен кейін белгілі болады.


Аягөз Фазылова, қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:


- Қазір өрт келтірген залал есептелуде. Өрттің себебі анықталуда. Зерттеу зертханасы жұмыс істеуде. Айтып кететін жағдай, біздің инспекторлық-инженерлік құрам пеш жағу кезеңі басталысымен барлық тұрғын үйлерде рейдтік шаралар жүргізіледі. Бұл ауданда да бұндай ескерту жұмыстары жүргізілген.


Қазір қайғы жұтқан отбасыға және олардың туыстарына бүкіл ел болып әлеуметтік желілер арқылы көңіл айтып жатыр. Бұған қоса қала әкімі Бақыт Сұлтанов қайғылы оқиға болған жерге барып, қолдан келер барлық көмекті аямайтынын жеткізді.


Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:


- Сол жерде аудан басшысы А.Тұрлыбекке осы барлық отбасына қажетті көмекті ұйымдастыру қажеттігін, материалдық, қаржылық, медициналық және басқа да қажетті көмектерді беру туралы өз тапсырмасын берді. Одан басқа дәл қазір осы қайғылы оқиға орын алған отбасымен, балалардың ата-анасымен түнгі 3-тен бері тиісті психологиялық жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті мамандар жұмыс істеп, дәлі қазір жандарында отыр.


Қазір қалалық Ішкі істер департаментінде осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның барысы қалалық Полиция департаментінің басшысы тікелей бақылауында болады.


24.kz


 




Көрілген: 198    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.02.2019, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28