Оқиға

Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды

  • Сурет

    Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

«Ақ Жайықтың» бейресми ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырауда 27 ақпан күні «Sinopec Engineering» компаниясының шетелдік қызметкерлері мен Атырау мұнай өңдеу зауытына қызмет көрсететін күзет компаниясының қызметкерлері арасында жаппай төбелес орын алған.


ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА жазбаша сауал жіберуді өтініп, "АЖ" тілшісіне толық мәлімет бермеді.


- Ахуал полиция бақылауына алынған, - деді тек Н.Қайсағалиева.


Әзірше бізге бақылау-өткізу пунктіндегі күзетшілермен төбелеске шамамен ҚХР-дың 6 азаматының қатысқаны ғана белгілі. Ал оларды жұмыс күнінің аяғына қарай зауыт аумағынан белгіленген уақыттан бұрын жібермегендігі жанжалға себеп болған.


«Sinopec Engineering» - «АМӨЗ-ді қайта жарақтау және жаңғырту» жобасының бас мердігер мекемесі.


Естеріңізге салсақ, бұрынғы жылдары да бұл нысанда шетелдік және жергілікті жұмысшылар арасында анағұрлым кең ауқымды қақтығыстар мен түрлі жанжалдар орын алған болатын.


 


 




Көрілген: 1033    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30