Оқиға

Атырау облысында әйел адам емшіге қаралған соң көз жұмған

  • © Sputnik

    © Sputnik

"Емші" өзіне қаралған науқас көз жұмғаннан соң бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі жұма күні.


Іс материалы бойынша, жәбірленушінің ұлы телефон арқылы емшімен келісіп, ІІ топ мүгедегі, анасын емдеуге апармақшы болады. Әйел адам полиартрит дертіне шалдығып, 13 жыл бойы төсек тартып жатқан көрінеді.


"Емдеу барысында емші әйелдің аяғын бар күшімен тартып, тізелерін қолымен басқан. Жәбірленуші шыдай алмай, жан дауысы шығып, есінен танып қалады. Содан кейін жедел жәрдем шақыруға тура келген. Әйел адам аудандық ауруханада жарақаттан есеңгіреу салдарынан көз жұмды", — деп хабарлады сот.


ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот талқылауы барысында сотталушы мен оның адвокаты және аудандық прокурор арасында айыпты мойындау туралы процестік келісім жасалған.


Атырау облысы Махамбет аудандық соты "емшіні" айыпты деп танып, бір жылға бостандығын шектеу жазасына кесті.


Sputnik


 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 14:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30