Оқиға

Атырау облысында полицияға қарсылық көрсеткен 11 адам ұсталды

  • © Vlada.io

    © Vlada.io

Бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғандай, 11 қыркүйекте Исатай ауданы Жанбай ауылында суда жүзу құралдарын тәркілеу барысында 30-ға жуық жергілікті тұрғын жиналып, наразылық білдірген. Ауылға облыс орталығынан күштік құрылымдар жіберілді.


- Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған заңсыз суда жүзу құралдары заңға сәйкес тәртіпте тәркіленіп алынады, - деп хабарлады телефон арқылы аудандық әкімдіктен.


Бұл Жанбай ауылында болып жатқан бірінші жағдай емес. Осы жылдың 3 сәуірінде Жанбай ауылының тұсынан бір топ жергілікті тұрғын браконьерлік жолмен ауланған балыққа толы «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан АІІБ қызметкерлерінен көлікті тартып алған болатын. Жергілікті балықшылар балық аулау маусымы кезінде қуаты 40 ат күші болатын «казанка» қайықтарының теңізге шығуына тыйым салынғандығына наразы (20 ат күші болатын «казанкаларға» рұқсат етілген).


Атырау облысы прокуроры Ернат Сыбанкуловтың хабарлауынша, 11 қыркүйек күні ҰҚКД, полиция, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының Исатай ауданы Жанбай аулынан 20 шақырым жердегі қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауынан заңсыз балық аулауға арналған 20 бірлік жүзу құралын тапқан.


Жүзу құралдарының иелері билік өкілдеріне белсенді қарсылық көрсетіп, нәтижесінде 11 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚбТК 667-бабы 1-бөлімі («Құқық қорғау органының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Исатай аудандық сотының 11.09.2017 күнгі қаулысымен көрсетілген 11 тұлға кінәлі деп танылып, оларға қатысты 3 тәулікке әкімшілік қамау жазасы қолданылды. Жүзу құралдары оқиғаның мән-жайы анықталғанша айыппұл тұрағына қойылды.


azh.kz




Көрілген: 282    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 13.09.2017, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30