Оқиға

Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен

  • © Атыраудың азаматтық қорғау басқармасы

    © Атыраудың азаматтық қорғау басқармасы

21 мамырда кешкі уақытта Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне құлап кеткен. Бұл туралы Атыраудың Азаматтық қорғау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдай №19 үйде болған. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза болған. Ал екінші жасөспірім, расталмаған мәліметтерге қарағанда, кейінірек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.


"Жүк тасымалдайтын бұл лифт жұмыс істемей тұрған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Instagram желісіндегі atyrau_video парақшасында жарияланған видеода оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің келгенін көруге болады.



 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31