Оқиға

Атыраудың жігітіне тұрмысқа шыққан ақтөбелік келінді қайын жұрты жерлеуден бас тартты

  • © YORICK.KZ

    © YORICK.KZ

Ақтөбелік студент қыздың Атырау облысына келін болғанына 4 ай болған. Марқұмның туыстары алып қашып кеткен қыздың тойы да, алдынан өту шарасының да əлі күнге дейін болмағанын айтады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.


Той болады деп қуанышты жаңалық күтіп отырған отбасыға қаралы хабар жеткен.


«Қарындасымның қайтыс болғанына бір-екі күн болды. Не болғанын өзіміз де түсінбей отырмыз.


Ақтөбеде оқып жүрген ағамның қызын төрт ай бұрын Атыраудың жігіті алып қашқан болатын. Өзіміз Әйтеке би ауданының Тереңсай ауылынан боламыз.


Жігіттің туыстарынан алдынан өтуге де ешкім келмеді. Алдынан өтуге адамдар келеді деп күтіп жүргенімізде «қайтыс болды, денесін алып кетіңдер» деген хабар келді. Екі ағамыз әкелуге Атырауға кетті»,- дейді ағасы Талғат Абдраманов


Туыстарының айтуынша, Данара Ержанқызының денесі Ақтөбеге бүгін келеді. Туыстары денеге медициналық экспертиза жасатпақ. 




Көрілген: 3888    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.11.2017, 19:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30