Оқиға

Ауғанстанда отыз жыл бұрын жоғалған совет ұшқышы тірі табылды

  • © coldwar.ru

    © coldwar.ru

Ауғанстанда осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз кеткен совет әскери ұшқышы тірі табылған. Бұл туралы Ресей десантшылар одағының басшысы Валерий Воротининге сілтеме жасап "РИА Новости" агенттігі хабарлады.


Қазіргі кезде Ауғанстан билігі совет ұшқышын қайтару мәселесіне қатысты мәселені қарап жатқанын айтқан Воротинин әлгі адамның аты-жөнін атамаған. Екінші дереккөзінің айтуынша, ұшқыш мінген совет ұшағын 1987 жылы Ауғанстанда әуеден атып түсірген.


Отыз жылдан астам уақыт жоғалып кеткен адамның аты-жөніне қатысты әртүрлі деректер айтылып жатыр.


Ресейдің "Коммерсант" басылымы Ауғанстанда 1987 жылы хабар-ошарсыз кеткен совет азаматтарының тізімінде әскери әуе күштерінен жалғыз адам – 1962 жылы туған аға лейтенант Сергей Иванович Пантелюктің есімі ғана барын анықтаған. Баграм аэродромынан ұшып шыққан оның ұшағы қайтадан оралмаған, ұшқыш хабарсыз кеткен.


ТАСС агенттігі өз дереккөзіне сілтеме жасап, табылған ұшқыштың есімі Александр Миронов деп хабарлады. "Боевое братство" ардагерлердің халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің агенттікке айтуынша, Ауғанстанда жоғалып кеткен ұшқыш туралы ақпаратты Ресейге АҚШ берген. Бірақ әскери тұтқындар жөніндегі ресей-америкалық комиссия өкілі Александр Кирилин "РИА Новости" агенттігіне Мәскеу Вашингтоннан әуеден атып түсірілген совет ұшқышы туралы ешқандай ақпарат алған жоқ деп мәлімдеген.


1979 жылдың соңында саяси күштер арасында жанжал өрістеп тұрған Ауғанстанға Совет өкіметі әскер кіргізген. Оларға қарсы соғысқан "мұджахедтерге" батыс елдері қолдау танытқан. Совет әскері Ауғанстаннан 1989 жылы шығарылған. Он жылдың ішінде Ауғанстанда, ресми есеп бойынша, 14 мың совет жауынгері қаза тапқан. Бұл соғысқа Қазақ ССР-інен апарылған 22 мың сарбаздың 924-і мерт болып, мыңнан астамы мүгедек болып оралған. 21 қазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. 


azattyq.org




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30