Оқиға

Ауыл тұрғынын WhatsApp арқылы балағаттаған әкім жазаланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде ауыл әкімі тұрғынды WhatsApp арқылы балағаттағаны үшін жазаланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің қорытындысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақтөбелік шенеуніктер ауыл тұрғындарымен, қызметкерлермен дөрекі сөйлесіп, Әдеп кеңесіне түсіп жатыр.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әлжанов қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер айтып, қоғамның сынына іліккені үшін сөгіс алды. Жылдың алғашқы жартыжылдығында барлығы 26 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. «10 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 9 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Оның төртеуі мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық көрсетіп, бесеуі Әдеп кодексінің нормаларын бұзған. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы барысында 20 тексеріс жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 1551 құқық бұзушылық анықталды.


Сондай-ақ, осы аталған салаға құқық бұзушылықтарды жою туралы 11 ұсыныс енгізілді және 17 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Рафхат Бисенов.


Айта кетейік, Қарғалы ауданы, Велихов ауылдық округінің әкімі Айнагүл Халиуллина ауыл тұрғыны Ж.Мұхамбетоваға бейәдеп сөздер айтып, оның ар-намысына тиген. Ауыл әкімі қызметіне сәйкес емес деп ескерту алды.


«Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 36 бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Мемлекеттік қызметкерлер қажет емес құжаттарды талап етіп, кәсіпкерлерге қызмет көрсету мерзімін сақтамаған. Көбіне құжаттандыру, көлік және коммуникация салаларында, яғни, мүлік және зияткерлік меншік құқығында заң бұзушылықтар анықталып, 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Рафхат Бисенов.


 




Көрілген: 186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31