Оқиға

Аягөзде төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды», делінген аудандық ішкі саясат бөлімі берген мәліметте.


Әкімдік ақпараты бойынша қала ішінде 3 көпірді, 5 жаяу жүргінші өткелін қарғын су басып қалған. Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 30-ы бала.


«Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», - делінген ресми мәліметте.


 




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 20:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30