Оқиға

Әйеліне маза бермеген жігітпен кездескен шымкенттік азамат ауруханадан бір-ақ шықты

  • © NUR.KZ

    © NUR.KZ

Шымкенттік тұрғын жұбайын мазалап жүрген азаматтан зардап шекті. Мәселені шешпек болған отағасын күдікті пышақтап кеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.


Зардап шеккен азаматтың сөзінше, бірнеше айдан бері келіншегіне бейтаныс жігіт телефон арқылы хабарласып мазасын алып келген. Жарын қорғамақшы болған жұбайы бейтаныс жігітпен жолығып, арадағы мәселені өзара шешпекші болады.


Бірақ кездесудің соңы келеңсіз жағдаймен аяқталған. Телефон арқылы хабарласып жүрген бейтаныс жігіт келіншектің күйеуін ұрып соғып, әдейі жамбасына пышақ тығып кеткен.


"Келіншегімді мазалам жүрген жігітті кездесуге шақырып, мәселені шешпек болдым. Бірақ ол он бес жігіт болып жиналып, шабуыл жасауға дайын тұр екен. Сөйлесіп тұрғанымда жамбасымнан пышақ тығып алды. Мен қашып үлгердім. Үйге жетсем артымнан қан тоқтамай ағып жатыр екен. Кейін көп қан жоғалтып есімнен танып қалдым. Көзімді ашсам ауруханада жатыр екенмін", - дейді зардап шеккен жас жігіт.

Жамбасына пышақ кіргін жас жігіт қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жарақаттанған жерді қайта тігіп берді.


Зардап шеккен азамат бұзақылардың үстінен арыз жазыпты. Қазір полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. 




Көрілген: 3361    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31